Негізгі мазмұнға өту

Мектепке экскурсия: әр сенбі, 12:00–14:00

Тіркелу
IB PYP/MYP кандидат мектебі NURORDA ALMATY — IB Primary Years Programme және Middle Years Programme бойынша кандидат мектеп. Кандидат мәртебесі авторизацияның берілуіне кепілдік бермейді. CIS мүшесі NURORDA ALMATY — Council of International Schools (CIS) ұйымының мүшесі. Мүшелік аккредиттеуді білдірмейді.

Мектеп туралы

IB және CIS мәртебесі

Ресми мәлімдеме

ЖШС «NURORDA ALMATY» мектеп-лицейі — Бастауыш жылдар бағдарламасы (PYP) мен Орта жылдар бағдарламасы (MYP) бойынша IB кандидат мектебі*. Мектеп IB World School мәртебесін алу үшін авторизацияға дайындалып жатыр. IB World School мектептерін ортақ философия біріктіреді: олар сапалы, талабы жоғары халықаралық білім беруге ұмтылады. Біз бұл ұстанымды оқушыларымыз үшін маңызды деп санаймыз.

* Халықаралық бакалавриаттың (IB) төрт академиялық бағдарламасын — PYP, MYP, Дипломдық бағдарламаны (DP) және Кәсіптік бағыттағы бағдарламаны (CP) — тек IB авторизациялаған мектептер ғана ұсына алады. Кандидат мәртебесі авторизация берілетініне кепілдік бермейді. Толығырақ: www.ibo.org (жаңа қойындыда ашылады)

Мәтін мектептің 2026–2027 оқу жылына арналған саясаттарынан сөзбе-сөз алынды. Саясаттарды ашу
IB PYP/MYP кандидат мектебі NURORDA ALMATY — IB Primary Years Programme және Middle Years Programme бойынша кандидат мектеп. Кандидат мәртебесі авторизацияның берілуіне кепілдік бермейді. CIS мүшесі NURORDA ALMATY — Council of International Schools (CIS) ұйымының мүшесі. Мүшелік аккредиттеуді білдірмейді.

IB PYP/MYP

«IB PYP/MYP кандидат мектебі» нені білдіреді

IB талаптарына сәйкес мектеп кандидат мәртебесін ресми мәтінмен жариялайды — ол осы беттің басында. Оның отбасыңыз үшін нені білдіретінін төменде қарапайым тілмен түсіндіреміз.

IB кандидат мектебінің белгілері

Отбасыңыз үшін бұл нені білдіреді

  • Балаңыз ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша оқиды және мектепті бітірген соң мемлекеттік үлгідегі аттестат алады.
  • Кандидат мектеп IB талаптарына сай оқыту тәсілдері мен мектеп саясаттарын енгізеді, мұғалімдерді даярлайды.
  • Кандидат мәртебесі IB бағдарламаларын ұсыну құқығын әлі бермейді: бұл құқықты тек авторизация береді.
  • Кандидаттық PYP және MYP бағдарламаларына ғана қатысты. IB Diploma Programme (DP) оған кірмейді.

Бағыттаушы ережелер

Мектеп құжаттарындағы екі анықтама

Мектептің бағыттаушы ережелерінен: жаһандық азамат деп кімді айтамыз және NURORDA-дағы сапалы оқыту мен оқу дегеніміз не.

Жаһандық азамат

Жаһандық азамат — әлеуметтік, адамгершілік және мәдениетаралық тұрғыдан саналы, әртүрлілікті құрметтейтін, адамдар мен қоршаған ортаға қамқор болатын, адам құқықтарын қолдап, оларды қорғайтын адам; өз әрекеті үшін жауапкершілікті сезінетін, командада жұмыс істей алатын, өзгелердің қажеттілігі мен көзқарасына түсіністікпен қарайтын адам.

NURORDA мектебіндегі сапалы оқыту мен оқу

NURORDA мектебіндегі сапалы оқыту мен оқу — әр оқушының өсуі мен дамуын басты орынға қоятын тұтас білім беру тәсілі. Оның белгілері:

  1. Жоғары академиялық стандарттар: Үздік әлемдік тәжірибеге сай келетін және NURORDA мектебі оқушыларының ерекше қажеттіліктері мен ұмтылыстарын ескеретін жоғары академиялық талаптар.
  2. Оқушыға бағытталған тәсіл: Әр оқушының жеке оқу жолына үнемі назар аудару; ізденімпаздықты, сыни ойлауды, шығармашылықты және өз бетінше зерттеуді қолдайтын орта.
  3. Инклюзивтілік және теңдік: Шығу тегіне, қабілетіне және жағдайына қарамастан, барлық оқушының сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.
  4. Тәжірибе арқылы оқу: Теориялық білімді өмірде қолдануға және практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін тәжірибелік сабақтар.
  5. Инновациялық оқыту әдістері: Оқушыларды қызықтырып, шабыттандыратын әдістер, соның ішінде технологияны қолданып оқыту, бірлескен жобалар және пәнаралық тәсілдер.
  6. Үздіксіз бағалау және кері байланыс: Оқушының ілгерілеуіне бағыт беретін және өсу ойлауын дамытатын тұрақты бағалау мен уақтылы, сындарлы кері байланыс.
  7. Кәсіби даму: Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы: жаңа оқыту стратегиялары, зерттеуге негізделген тәжірибе және рефлексиялық оқыту мәдениеті.
  8. Жағымды әрі инклюзивті оқу ортасы: Оқушылардың, қызметкерлердің және бүкіл NURORDA мектебі қауымдастығының эмоционалдық саулығын, өзара құрметін және тиесілік сезімін қолдайтын қамқор, инклюзивті мектеп ортасы.
  9. Қауымдастықпен байланыс: Әр оқушының жан-жақты дамуын қолдау үшін ата-аналармен, отбасылармен және жергілікті қауымдастықпен белсенді серіктестік.
  10. Жаһандық көзқарас: Оқушыларды өзара байланысты әлемде табысты болуға дайындайтын, жаһандық азаматтықты, мәдени хабардарлықты және бейімделгіштікті дамытатын халықаралық көзқарас.

Түптеп келгенде, NURORDA мектебіндегі сапалы оқыту мен оқу оқушыларға академиялық, әлеуметтік және жеке табысқа жетуге қажетті білім, дағды және құндылықтарды береді, өмір бойы білім алуға деген сүйіспеншілік пен әлемге оң әсер етуге ұмтылысты қалыптастырады. Бұл анықтама NURORDA мектебіндегі білім берудің әр қырының сапасын ең жоғары деңгейде ұстауға бағдар болады.

Дереккөз: мектептің ағылшын тіліндегі «Guiding Statements» құжаты; қазақ тіліндегі мәтін — сайтқа арналған аударма.

Кандидаттық кезеңдері

Авторизацияға дейінгі жол

Мектептер IB авторизациясына бірнеше кезең арқылы жетеді. Әр мектептің мерзімі әртүрлі, сондықтан біз нақты күндерді уәде етпейміз.

  1. Қызығушылық және өтінім (Өтті)

    Мектеп IB философиясын зерттеп, кандидат мәртебесіне өтінім береді.

  2. Біз осындамыз

    Кандидат мектеп

    IB өтінімді мақұлдайды, мектеп бағдарламаларды енгізуге дайындала бастайды. NURORDA ALMATY қазір осы кезеңде.

    IB PYP/MYP кандидат мектебінақтыланады

  3. Кеңес беру (Алда)

    IB кеңесшісі мектепке бағдарламаны енгізуде көмектеседі, мұғалімдер IB семинарларынан өтеді.

  4. Тексеру сапары (Алда)

    IB өкілдері мектепке келіп, бағдарламаны жүргізуге дайындығын тексереді.

  5. Мақсат

    Авторизация

    Тек авторизациядан кейін мектеп IB World School мәртебесін алып, IB бағдарламаларын ресми түрде ұсына алады.

Қазіргі кезең мен мерзімдерді мектеп нақтылап жатыр. нақтыланады

Отбасыға арналған түсіндірме

PYP және MYP қарапайым тілмен

IB бағдарламалары балаға дайын жауапты жаттатпай, сұрақ қоюға, зерттеуге және білгенін өмірде қолдануға үйретеді. Бұл түсіндірме IB ұйымының жария материалдарына және мектептің 2026–2027 оқу жылына арналған саясаттарына негізделген.

PYP тәсілдері · 1–4-сыныптар

MYP тәсілдері · 5–8-сыныптар

  1. 1-сынып — PYP
  2. 2-сынып — PYP
  3. 3-сынып — PYP
  4. 4-сынып — PYP
  5. 5-сынып — MYP
  6. 6-сынып — MYP
  7. 7-сынып — MYP
  8. 8-сынып — MYP
  9. 9-сынып — 9-сынып: MYP 5-жылы, 2027–2028 оқу жылынан жоспарланған
2026–2027 оқу жылында кандидат мектеп ретінде PYP тәсілдерін 1–4-сыныптарда, MYP тәсілдерін 5–8-сыныптарда енгізіп жатырмыз. MYP-дің 5-жылы 9-сыныпта, 2027–2028 оқу жылынан бастап жоспарланған.

PYP — Бастауыш жылдар бағдарламасы

Primary Years Programme

IB: 3–12 жасМектепте: 1–4-сыныптарКандидаттық кезеңде

Балалар үлкен сұрақтарды «зерттеу юниттері» арқылы зерттейді: бір тақырып аясында бірнеше пән тоғысады. Мұғалім дайын жауапты айтпай, баланың өз сұрағын, ізденісін және қорытындысын бағыттайды.

Пәндерді біріктіретін 6 тақырып

  1. Біз кімбізWho we are
  2. Кеңістік пен уақыттағы орнымызWhere we are in place and time
  3. Өзімізді қалай көрсетемізHow we express ourselves
  4. Әлем қалай жұмыс істейдіHow the world works
  5. Өмірімізді қалай ұйымдастырамызHow we organize ourselves
  6. Ортақ планетамызSharing the planet

IB-дің ресми тақырыптары; қазақша атаулары — біздің аудармамыз.

PYP-дің негізгі кезеңдері

  1. Зерттеу юниті

    Әр юнит орталық идеяның айналасында құрылады. Мемлекеттік стандарттың оқу мақсаттары юнитке кіріктіріледі, ал әр баланың жетістігі жеке анықталады.

  2. Портфолио

    Әр юниттен баланың өз рефлексиясы жазылған 1–2 жұмыс үлгісі сақталады. 2026–2027 оқу жылының екінші жартыжылдығынан бастап бала портфолиосын ата-анасына өзі таныстыратын кездесулер жоспарланған.

  3. PYP көрмесі · 4-сынып

    Бастауыш кезеңнің қорытынды зерттеуі: оқушылар өз тақырыбын зерттеп, нәтижесін таныстырады. Көрмені мектеп мұғалімдері бағалайды, ал отбасылар таныстырылымдарды қазақ немесе орыс тілінде тыңдай алады.

MYP — Орта жылдар бағдарламасы

Middle Years Programme

IB: 11–16 жасМектепте: 5–8-сыныптарКандидаттық кезеңде

MYP пәндерді нақты өмірмен байланыстырады: оқушылар білімін жаһандық контекстерде қолданып, өз бетінше ойлауға және өз оқуына жауапты болуға үйренеді. Әр пән тобында жұмыс төрт критерий бойынша бағаланады.

8 пән тобы

  1. Тіл және әдебиетLanguage and literature
  2. Тілді меңгеруLanguage acquisition
  3. Тұлға және қоғамIndividuals and societies
  4. Жаратылыстану ғылымдарыSciences
  5. МатематикаMathematics
  6. ӨнерArts
  7. Дене шынықтыру және денсаулықPhysical and health education
  8. ДизайнDesign

6 жаһандық контекст

  • Болмыс және қарым-қатынасIdentities and relationships
  • Кеңістік пен уақыттағы бағдарOrientation in space and time
  • Жеке және мәдени көрінісPersonal and cultural expression
  • Ғылыми-техникалық инновацияScientific and technical innovation
  • Жаһандану және тұрақты дамуGlobalization and sustainability
  • Әділдік және дамуFairness and development

MYP-дің негізгі кезеңдері

  1. Пәнаралық юнит · жыл сайын

    Әр оқу жылында кемінде бір юнит бірнеше пәнді біріктіреді. Ол үш критерий бойынша бағаланады: A — бағалау, B — синтездеу, C — рефлексия.

  2. Іс-әрекет арқылы қызмет

    Оқушылар сабақта үйренгенін мектепке және қоғамға пайдалы іске айналдырады. IB мұны MYP-дің маңызды бөлігі деп санайды.

  3. Жеке жоба · MYP 5-жылы

    Оқушы өзі таңдаған тақырып бойынша жоба жасайды: жоба күнделігін жүргізеді, өнім әзірлейді және есеп жазады. Әр оқушыға жетекші бекітіледі. Критерийлер: A — жоспарлау, B — дағдыларды қолдану, C — рефлексия.

    Мектепте — 9-сыныпта, 2027–2028 оқу жылынан. Жоба үлгілері IB модерациясына тек авторизациядан кейін жіберіледі.

Оқуға үйрену дағдылары (ATL)

PYP-де де, MYP-де де мұғалімдер әр пәнде бес дағды тобын дамытады:

  • Ойлау
  • Зерттеу
  • Қарым-қатынас
  • Әлеуметтік дағдылар
  • Өзін-өзі басқару

Дереккөздер: IB ұйымының жария материалдары және мектептің 2026–2027 оқу жылына арналған саясаттары.

IB оқушысының профилі

10 қасиет және NURORDA құндылықтары

IB оқушысының профилі — IB бағдарламаларының бәрі дамытуға ұмтылатын 10 қасиет. Біз әр қасиетті мектеп саясаттарындағы төрт құндылықтың бірімен байланыстырып, оның мектепте қалай көрінетінін көрсеттік.

Мектеп құндылықтары

Ізденімпаз Inquirers

Сұрақ қояды, жауапты өзі іздейді және оқуға деген қызығушылығын өмір бойы сақтайды.

Мектепте

PYP-де оқу зерттеу юниттері арқылы құрылады. Әр жаңа юнит балалардың тақырып туралы не білетінін анықтаудан басталады.

Дереккөз: Бағалау саясаты

NURORDA құндылығы: Кемелдену

Білімді Knowledgeable

Ұғымдарды терең түсінеді, жергілікті және жаһандық маңызы бар мәселелерді бірнеше пән тұрғысынан зерттейді.

Мектепте

Әр юнит-жоспарда мемлекеттік стандарттың оқу мақсаттары IB ұғымдарымен байланыстырылады.

Дереккөз: Бағалау саясаты

NURORDA құндылығы: Кемелдену

Ойшыл Thinkers

Сыни және шығармашылықпен ойлайды, шешімін дәлелдей алады.

Мектепте

Оқушы өз пікірін критерийлерге сүйеніп негіздейді, ал мектеп баға неге қойылғанын ашық түсіндіреді.

Дереккөз: Бағалау саясаты

NURORDA құндылығы: Адалдық

Қарым-қатынасқа шебер Communicators

Ойын бірнеше тілде және түрлі тәсілмен сенімді жеткізеді, өзгені тыңдай біледі.

Мектепте

Оқу қазақ немесе орыс тілінде жүреді, ағылшын тілі 1-сыныптан басталады. Оқушы ойын алдымен таныс тілде қалыптастырып, кейін үйреніп жүрген тілде жеткізуге үйренеді.

Дереккөз: Тіл саясаты

NURORDA құндылығы: Ынтымақтастық

Принципшіл Principled

Адал әрі әділ әрекет етеді, өз ісі мен оның салдары үшін жауапкершілік алады.

Мектепте

Оқушы жұмысты өзі орындап, әр дереккөзді көрсетеді. Жасанды интеллектіні тек мұғалім рұқсат еткен деңгейде қолданып, оны ашып жазады.

Дереккөз: Академиялық адалдық саясаты

NURORDA құндылығы: Адалдық

Ашық көзқарасты Open-minded

Өз мәдениетін бағалай отырып, өзге көзқарастар мен дәстүрлерді құрметтейді.

Мектепте

Әр отбасының тілі құрметке лайық: үй тілін қолданғаны үшін ешкім кемсітілмейді. Оқушылар идеяларды бірге талқылап, түрлі көзқарасты тыңдауға үйренеді.

Дереккөз: Тіл саясаты

NURORDA құндылығы: Ынтымақтастық

Қамқор Caring

Өзгеге жанашырлық танытады, айналасына пайдасын тигізуге ұмтылады.

Мектепте

Инклюзия — әр баланың мектеп өміріне толық қатысуы. Мұғалім сабақты барлығына қолжетімді етіп жоспарлайды, қажет болса отбасымен бірге жеке қолдау жоспары жасалады.

Дереккөз: Инклюзия саясаты

NURORDA құндылығы: Сүйіспеншілік

Батыл Risk-takers

Жаңа істі сеніммен бастайды, қиындықтан қашпайды, қатесінен сабақ алады.

Мектепте

Қате — оқудың бір бөлігі. Тілдік қате үшін баланы мазақтауға болмайды: мұғалім жауапты өзі айтып бермей, балаға ойын жеткізуге уақыт пен тірек береді.

Дереккөз: Тіл саясаты

NURORDA құндылығы: Кемелдену

Үйлесімді Balanced

Оқу, денсаулық, шығармашылық пен демалыс арасындағы теңгерімді сақтайды.

Мектепте

Үй тапсырмасы шағын әрі сабақпен байланысты болады, ұлттық нормадан аспайды. Бір сыныпта бір күнде екіден артық жиынтық жұмыс өткізілмейді.

Дереккөз: Бағалау саясаты

NURORDA құндылығы: Сүйіспеншілік

Рефлексивті Reflective

Өз оқуы мен тәжірибесін ой елегінен өткізіп, күшті жақтары мен әлі дамытатын тұстарын түсінеді.

Мектепте

Маңызды жұмыстан кейін оқушы нәтижесін критерийлермен салыстырып, мұғаліммен келесі оқу мақсатын талқылайды. PYP портфолиосында баланың өз рефлексиясы сақталады.

Дереккөз: Бағалау саясаты

NURORDA құндылығы: Кемелдену

Қасиеттер мен құндылықтардың байланысы — мектептің өз түсіндірмесі, IB ұйымының ресми құжаты емес. Қасиеттер оқу барысында дамиды: олар қабылдау шарты емес және балаға «жапсырма» ретінде қолданылмайды.

Бағалау саясаты

Бағалау: критерийлер бойынша, ашық әрі әділ

Мектеп Қазақстанның ұлттық бағалау жүйесін IB тәсілдерімен үйлестіреді. Мұғалім әр тапсырманың мақсаты мен критерийлерін алдын ала түсіндіреді.

Бұл бөлім Бағалау саясатының жобасына негізделген: құжат бекітуге ұсынылды, бекітілгеннен кейін кейбір тұстары нақтылануы мүмкін. Бекітуге ұсынылған жоба

PYP1–4-сыныптар

  • 1-сыныпта баға қойылмайды: бала мен ата-ана сипаттамалық кері байланыс алады.
  • 2–4-сыныптарда тоқсандық баға ұлттық тәртіппен есептеледі: қалыптастырушы және аралық бағалаудың орташасы, 5 балдық шкала.
  • Мұғалім әр оқу мақсаты бойынша баланың деңгейін сипаттайды. Бұл деңгейлер IB бағасы емес және журналдағы балға автоматты түрде айналмайды.
  • PYP есебі 2026–2027 оқу жылының III тоқсанынан бастап әр тоқсан соңында беріледі.
  1. Толық меңгерген
  2. Негізін меңгерген
  3. Ішінара меңгерген
  4. Меңгермеген

MYP5–8-сыныптар

  • Әр пән тобында төрт критерий бар — A, B, C, D. Әр критерий 0-ден 8-ге дейінгі деңгеймен бағаланады.
  • Деңгей «ең жақсы сәйкестік» қағидатымен таңдалады: жұмыс дескрипторлармен салыстырылады, деңгейлердің орташасы есептелмейді.
  • Жартыжылдық соңында төрт деңгейдің қосындысы (0–32) IB шекаралары бойынша MYP бағасына (1–7) айналады. Кандидаттық кезеңде бұл — мектепішілік баға, оны IB растамайды.
  • Критерийлер пәнге қарай өзгереді. Мысалы, тілді меңгеру курсында: A — тыңдалым, B — оқылым, C — айтылым, D — жазылым.

MYP бағасын өзіңіз есептеп көріңіз

Әр критерий бойынша деңгейді таңдаңыз. Бастапқы мәндер — саясаттағы мысал: 5, 5, 4, 5.

5
5
4
5

Қосынды19/ 32

MYP бағасы5/ 7

5 балдық эквивалент«4»

MYP бағасының шекаралары және 5 балдық эквиваленті
Деңгейлер қосындысыMYP бағасы5 балдық шкала
1–51«2» қанағаттанарлықсыз
6–92«3» қанағаттанарлық
10–143«3» қанағаттанарлық
15–184«4» жақсы
19–235«4» жақсы
24–276«5» өте жақсы
28–327«5» өте жақсы

5 балдық эквивалент тек есептерде және басқа мектепке ауысу құжаттарында көрсетіледі. Электрондық журналдағы тоқсандық баға № 125 бұйрық бойынша бөлек есептеледі.

Тағы не маңызды

  • Жиынтық жұмыстың нәтижесі 5 жұмыс күні ішінде хабарланады.
  • Баға мінез-құлық, сабаққа қатысу немесе кешігу үшін төмендетілмейді.
  • Оқушылардың нәтижелері бір-бірімен салыстырылмайды, мектеп рейтинг жарияламайды.
  • Бір сыныпта бір күнде екіден артық жиынтық жұмыс өткізілмейді.
  • Бағаға қатысты сұрақты алдымен пән мұғаліміне 3 жұмыс күні ішінде қоюға болады.

Толық мәтін:Бағалау саясаты (жоба) · PDF, 462 КБ

ҚР мемлекеттік стандарты

IB тәсілдері және мемлекеттік аттестат

Кандидат мектеп IB тәсілдерін мемлекеттік стандарттың орнына емес, соның аясында енгізеді. Балаңыз ҚР оқу бағдарламасы бойынша оқиды.

Бағыт Мемлекеттік талап IB тәсілі
Оқу мазмұны Мемлекеттік стандарттың (МЖМБС) оқу мақсаттары және үлгілік оқу жоспары. Әр юнит-жоспарда ұлттық оқу мақсаттары IB ұғымдарымен байланыстырылады.
Бағалау Электрондық журналдағы 5 балдық тоқсандық баға (№ 125 бұйрық). PYP-де — сипаттамалық деңгейлер, MYP-де — A–D критерийлері және 1–7 бағасы.
Есептер Әр тоқсан соңында электрондық журнал. PYP есебі — әр тоқсан, MYP есебі — жылына екі рет; ата-ана мен мұғалім кездесуі — жылына кемінде бір рет.
Құжат Мемлекеттік үлгідегі аттестат. Қорытынды аттестаттау бекітілген оқу жоспарындағы тілде өтеді. Кандидаттық кезеңде мектеп IB сертификатын немесе IB растаған бағалау нәтижелерін бермейді.

Саясаттар іс жүзінде

Тілдер, инклюзия және академиялық адалдық

Әр саясаттың ең маңызды ережелері — қысқаша. Толық мәтіндерді төмендегі PDF құжаттардан оқуға болады.

Тілдер

Сыныптар бойынша оқыту тілі

  1. 1–4Пәндер, оның ішінде Singapore Math және Singapore Science, бөлім тілінде (қазақ немесе орыс) өтеді. Ағылшын тілі — 1-сыныптан.
  2. 5–6Пәндер бөлім тілінде; екінші тіл (қазақ немесе орыс) мен ағылшын тілі пән ретінде оқытылады.
  3. 7–8Пәндер бөлім тілінде, STEM пәндері — ағылшын тілінде.
  4. 92027–2028 оқу жылынан жоспарланған: оқыту тілдері оқу жоспары бекітілгеннен кейін нақтыланады. нақтыланады
  • Оқу қазақ немесе орыс бөлімінде жүреді. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл, ол екі бөлімде де оқытылады.
  • STEM пәндері ағылшын тілінде өтсе де, БЖБ, ТЖБ, электрондық журнал және қорытынды аттестаттау бекітілген оқу жоспарындағы тілде жүргізіледі.
  • MYP-де әр оқушы «Тіл және әдебиет» және «Тілді меңгеру» курстарын оқиды.
  • Әр баланың тілдік профилі жүргізіледі: онда күшті жақтары, мақсаттары және алатын қолдауы жазылады.
  • Отбасыңыздың тілі — балаңыздың байлығы: баламен өзіңізге ыңғайлы тілде кітап оқып, сөйлесіңіз. Тілдік қате үшін баланы мазақтауға болмайды.

Толық мәтін:Тіл саясаты · PDF, 409 КБ

Инклюзия

Қолдаудың үш деңгейі

  1. Сыныптағы қолдау — барлық оқушығаМұғалім сабақты әр оқушыға қолжетімді етіп жоспарлайды.
  2. Нысаналы қолдау — кейбір оқушығаҚиындық сақталса, мұғалім жеке көмек беріп, бақылауын жазып отырады.
  3. Жеке қолдау — қажет оқушығаҚолдау тобы отбасымен бірге жеке қолдау жоспарын (ЖҚЖ) жасайды. Ол алғаш 6 оқу аптасынан кейін, одан әрі кемінде тоқсан сайын қайта қаралады.
  • Диагноз, мүгедектік немесе тілдік қиындық қабылдаудан бас тарту себебі болмайды.
  • Маманның тереңдетілген бағалауы тек ата-ананың жазбаша келісімімен жүргізіледі.
  • Қандай қолдау оқу ақысына кіретінін және қандай қызмет бөлек келісілетінін мектеп алдын ала жазбаша түсіндіреді.
  • Кемсіту немесе жәбірлеу (буллинг) туралы дереу хабарлаңыз: баланың қауіпсіздігі сол сәтте қамтамасыз етіледі, алғашқы шара келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейді.
  • Баланың денсаулығы және оған берілетін қолдау туралы мәліметтер құпия сақталады.

Толық мәтін:Инклюзия саясаты · PDF, 374 КБ

Академиялық адалдық және ЖИ

Адалдықты жазалау арқылы емес, оқыту арқылы дамытамыз: алдымен түсіндіреміз, кейін қолдаймыз, қажет болғанда ғана шара қолданамыз.

  • Ата-ана мен репетитор баланы бағыттай алады, бірақ жұмысты оның орнына орындамайды.
  • Күмән — кінә емес: оқушы әрқашан тыңдалады, ешкім көпшілік алдында айыпталмайды.
  • ЖИ детекторының пайызы өздігінен бұзушылықтың дәлелі емес.
  • Адалдық бұзылса, оқушы жұмысты өзі қайта орындайды; баға жаза ретінде автоматты түрде төмендетілмейді.

Толық мәтін:Академиялық адалдық саясаты · PDF, 391 КБ

Жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану деңгейлері

  1. 0деңгейЖИ қолданылмайды. Аралық бағалау, БЖБ және ТЖБ әрдайым осы деңгейде өтеді.
  2. 1деңгейТек идея іздеу немесе ұғымды түсіну үшін. Тапсырылатын жұмысқа ЖИ мәтіні енбейді.Не көрсетіледі: Қысқа ескерту: қандай құрал, не үшін
  3. 2деңгейКөмекші құрал ретінде: жоспар, емле, кері байланыс. Негізгі мазмұнды оқушы өзі жазады.Не көрсетіледі: Құрал, күні, негізгі сұрау, пайдаланылған бөлік
  4. 3деңгейТапсырманың бөлігі ретінде, мұғалім рұқсат еткен көлемде.Не көрсетіледі: Толық ашып көрсету: мәтін ішінде және дереккөздер тізімінде

Деңгейді мұғалім белгілейді, ол көрсетілмесе — 0-деңгей. 1–4-сыныптарда ЖИ құралын тек мұғалім көрсетеді, балаларға жеке аккаунт ашылмайды.

CIS

CIS мүшелігі нені білдіреді

NURORDA ALMATY сондай-ақ Council of International Schools (CIS) ұйымының мүшесі. CIS мүшелігі мектептің сапалы халықаралық білім беру, оқушылардың әл-ауқаты және үздіксіз даму қағидаттарына бейілдігін көрсетеді.

Council of International Schools (CIS) — әлемдегі мектептер мен жоғары оқу орындарын біріктіретін коммерциялық емес ұйым.

CIS мүшесі

NURORDA ALMATY — мүше

Мүшелік

  • Мұғалімдер мен қызметкерлерге кәсіби даму және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.
  • Балаларды қорғау, психологиялық саулық және университетке түсуге кеңес беру тақырыптарында қолдау.
  • Мектептің сапаға және үздіксіз дамуға бейілдігін көрсетеді.

Үдерістенақтыланады

Аккредиттеу

  • Мүшеліктен бөлек, бірнеше кезеңнен тұратын үдеріс: мектепті CIS стандарттары бойынша басқа мектептердің тәжірибелі мамандары бағалайды.
  • CIS мүше мектептерді аккредиттеу үдерісіне тіркелуге шақырады.

NURORDA ALMATY әзірге аккредиттелмеген: мектеп бұл үдерістен өтуде.

Мүшеліктен аккредиттеуге дейін

  1. Біз осындамыз

    CIS мүшесі

    Мектеп CIS қауымдастығына кіріп, оның кәсіби даму ресурстарына қол жеткізді.

  2. Аккредиттеуге тіркелу (Алда)

    CIS мүше мектептерді аккредиттеу үдерісіне тіркелуге шақырады.

  3. Өзін-өзі бағалау және сарапшылар сапары (Алда)

    Мектеп CIS стандарттары бойынша өзін-өзі бағалайды, содан кейін басқа мектептердің тәжірибелі мамандары мектепке келіп бағалайды.

  4. Мақсат

    Аккредиттеу туралы шешім

    Бағалау нәтижесі бойынша CIS аккредиттеу туралы шешім қабылдайды.

Құжаттар

Мектеп саясаттары және лицензия

IB кандидат мектебі ретінде негізгі ережелерімізді жазбаша саясаттарда бекітеміз. 2026–2027 оқу жылына арналған бес саясатты қазақ және орыс тілдерінде PDF түрінде жүктеп алуға болады.

Саясаттар · 2026–2027 оқу жылы

Инклюзия саясаты

Нұсқа 2.0 · 2026–2027 · PYP · MYP

Мектеп әр баланың оқуына және мектеп өміріне толық қатысуына қалай жағдай жасайды: қолдаудың үш деңгейі, жеке қолдау жоспары, отбасымен бірлескен жұмыс.

Академиялық адалдық саясаты

Нұсқа 2.0 · 2026–2027 · PYP · MYP

Жұмысты адал орындау, дереккөзді көрсету, ата-ана мен репетитор көмегінің шегі және жасанды интеллектіні қолдану деңгейлері.

Бағалау саясаты

Жоба 2.0 · 2026–2027 · PYP · MYP Бекітуге ұсынылған жоба

PYP мен MYP-дегі бағалау, A–D критерийлері, тоқсандық бағаны есептеу және ата-аналарға есеп беру тәртібі.

Саясаттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады. Ағылшын тіліндегі нұсқа — аударма. Мәтіндер арасында айырмашылық болса, қазақ тіліндегі мәтін басым болады.

Лицензия

Білім беру қызметіне лицензия

№ KZ24LAM00010146

Берілген күні
2025 жылғы 20 қараша
Алғаш берілген
2024 жылғы 11 қыркүйек
Лицензиат
«"NURORDA ALMATY" мектеп-лицейі» ЖШС · БСН 140840022057
Білім беру деңгейлері
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру (№ 001 қосымша, 2025 жылғы 20 қараша)
Лицензиар
Алматы қаласы бойынша білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті (ҚР Оқу-ағарту министрлігі)
elicense.kz сайтында тексеру (жаңа қойындыда ашылады)

Лицензия деректерін мемлекеттік elicense.kz порталындағы тізілімнен тексеруге болады.

Экскурсия және қабылдау

Мектепті өз көзіңізбен көріңіз

Әр сенбі 12:00–14:00 аралығында мектепке экскурсия өтеді. Өтінім қалдырыңыз. Жауапты мамандарымыз сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, қабылдау үрдісі бойынша көмектеседі.